Вакансиялар

Ақтөбе облысында  бос жұмыс орындары туралы жедел ақпарат

Қазіргі таңда облыс бойынша  252 жұмыс берушіден 2988 бос жұмыс орындары тіркелді.

         Оның ішінде,Ақтөбе қаласында

         -білім саласына-136 адам қажет, оның ішінде мұғалімдер-97, мектепке дейінгі ұйымдарға-39 маман қажет.

         - Денсаулық сақтау саласына -102 адам қажет, оның 12 адам арнаулы орта медициналық білімі бар маман қажет, 90 жоғары медициналық білімі бар маман қажет.

 -ауыл шаруашылығын қалыптастыруға 351 адам қажет, атап айтсақ: агроном - 11, зоотехник – 23, мал дәрігерлері – 16, инженер-механик мамандары – 38, сауын құрал-жабдықтарына оператор мамандары -23, трактор жүргізушісі - 94 , жылқышы – 19, қой шаруашылық кешендеріне  және механикалық фермаға операторлар – 38, малшы – 43, шопан – 46 адам және т.б.

         Ақтөбе қаласының өндіріс ұйымдарына   21 автобус және жеңіл көлік жүргізушілер, 20 өрт сөндіру көліктеріне жүргізушілер, 57 тігінші, 89 адам сауда-саттық саласына, 52 адам қоғамдық тамақтандыру саласына, көгалдандыру жұмыстарына мамандар - 7 адам, 18 қызмет көрсету ғимараттарына еден жуушы, 41 аула сыпырушысы, 76 қосалқы жұмысшылар т.б.

            Жолдарды жөндеуге 250 –ден астам адам қажет, соның ішінде: машинист бульдозер жүргізушісі - 11, экскаватор жүргізушісі – 2, жүк тиегіш жүргізушісі- 7,  автогрейдер жүргізушісі - 6,  автокран жүргізушісі- 7 адам т.б.

            Құрылыс жұмыстары басталуымен 300 ден астам құрылыс мамандары қажет болады (тас қалаушы, тақташы, сылақшы-бояушы, қосалқы жұмысшылар т.б.).

         Жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша Ақтөбе қалалық және аудандық Халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарласыңыздар.