НОВОСТИ | ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тарихы терең, тағылымы мол мектебім»

вкл. .

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінде 5- қазан күні мектептің 50 жылдық мерйтойына арналған «Тарихы терең, тағылымы мол мектебім» атты мерекелік іс шара өтті. Шараға ардагер ұстаздар, аудан әкімінің орынбасары Ж.Жаңабай және әр жылдары мектеп бітірген түлектер шақырылды.

Ардагер ұстаздар мектеп тарихынан сыр шертіп, ұстаздарға мерекелік ыстық лебіздерін білдіріп шығармашылық табыстар тілеп, мектеп ұжымына жетістіктерге жете берулеріне тілектестіктерін білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Жаңабай құттықтау сөз сөйлеп, белсенді ұстаздарға аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстап марапаттады. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы мектептің 50 жылдық мерейтойына демеушілік көрсетті. Мерейтойға қатысушыларға мектеп ұжымы ән мен күйден шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

                «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік    

            одағының Ақтөбе облыстық ұйымы»  қоғамдық бірлестігі