НОВОСТИ | ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбедегі мұнай газ саласындағы сервистік компанияларда жұмыс істейтін 4 мыңнан астам жұмысшының жалақысын көтерту- кәсіподақтың басты талабы.

вкл. .

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Ақтөбе облысында іс сапармен болды.

 Еңбек дауларын болдырмау,  жұмысшыларға жалақыны уақтылы төлеу-Ақтөбе кәсіподағының басты  назарында.

Облыс активі,өңірдің белсенділері және аймақтағы ең ірі мұнай-сервистік компаниялар басшыларымен кездесуі барысында Ақтөбе облысының әлеуметтік-еңбек саласындағы ағымдағы жағдайы егжей-тегжейлі сөз болды.  Аймақтың өнеркәсіп құрылымындағы мұнай газ  үлесі үлкен, 35% -дан астамын құрайды.

Кездесуде Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев баяндама бастады.

 

 « Бүгінде облыста облыстағы барлық 49 ірі кәсіпорынмен меморандум жасалды. Облыста жалпы 5 мыңнан астам меморандумға қол қойылды. Яғни, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 43 пайыздан астамы меморандум шарттарын орындауға міндеттеме алды. Біз осы әлеуметтік кепілдіктің орындалуын жіті қадағалаймыз. Биыл «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы өз жұмысшыларының жалақысын 33 пайызға көтерді. Осыған орай сервистік компаниялар да қызметтерінің тарифттерін арттырған еді. Алайда, «Ұлы қабырға» , «Шығыс мұнай»,»Алтиес Петролиум»,»Ада Ойл» және т.б., компаниялар жұмысшыларының жалақыларын көтеруге асықпай отыр».деп атап өтті өз сөзінде Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының жетекшісі А. Әмірғалиев.

 Бұл көтерілген түйткілді мәселені үкімет делегациясы облыс әкіміне оңтайлы шешуді жүктеді.