НОВОСТИ | ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайға байланысты Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығында жедел штаб құрылды.

вкл. .

Тәулік бойына жұмыс жасайтын тікелей байланыс телефондары іске қосылды.

«Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А. Әмірғалиевтың жетекшілік етуімен салалық кәсіподақтары аумақтық құрылыдары өкілдерінің қатысуымен кезектен тыс Үйлестіру кеңесінің отырысы болды.

Күн тәртібінде  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы аясында алдын-алу мәселелері талқыланды.

 

 Салалық кәсіподақ басшыларына нақты тапсырмалар берілді.  Салалық кәсіподақ басшылары ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Үндеуінде көрсетілген  тапсырмаларға сай нақты міндеттемелер алды.  Ақтөбе Кәсіподақ орталығында бастауыш кәсіподақтармен тығыз байланыс орнату қолға алынды Және  үндеуде көрсетілгендей, жұмысшылардың  жұмыстан шығарылуын болдырмауға, еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеуді бақылауды күшейту мақсатында тікелей  байланыс телефондары іске қосылды.Телефондары:8/7132/54-55-41, 54-56-77.