НОВОСТИ | ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАНАШЫР ЖАНДАРДЫҢ ИГІ ІСІ

вкл. .

Қазіргі таңда әлемді шарлаған (COVID-19) коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында медициналық бетперделердің жетіспеуіне байланысты Ақтөбе облысы Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бастамасымен қолдау тауып, ауданның барлық мектептері мен балабақшаларында бетперделер тігу  жұмыстары жүргізілуде.

Елімізде орын алған төтенше жағдай кезеңінде бір жағадан бас,  бір жеңнен қол шығарып, елдің жанашыры ретінде әрбір  азамат сақтық шараларын қолданып, инфекциямен күресуге өз үлесін қосса, күрделі ахуалда қол ұшын созса елдегі орын алған қиындықты еңсеретініміз анық.

 

Ендеше бетперде тігуге еңбек сіңіріп, өз үлесін қосқан барлық ұстаздар мен балабақша қызметкерлеріне алғыс білдіре отыра, шыдамдылыққа, бірлікке шақыра отыра, күш қуат тілейміз!

 

«Қазақстандық салалық білім

 және ғылым қызметкерлері кәсіптік

 одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ