НОВОСТИ | ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕРЕН ЕҢБЕК ҮЛГІСІН КӨРСЕТКЕН ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ

вкл. .

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында кəсіподақ Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тыл ардагерлеріне 40 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетті.
Соғыстың жаңғырығы алыстаған сайын сол жылдардағы өнегелі істер туралы көпшілігіміз арамызда жүрген қариялардан білеміз. «Ел басына күн туған сын сағатта қайсарлық мен төзімділік танытып, білек сыбанып, жұмысқа кіріскен аға буынға бүгінгі ұрпақтың айтар алғысы шексіз. Біз,  кəсіподақ ұйымы мүшелері, ауданымыздағы тыл ардагерлеріне қаржылай қолдау танытуды ұйғардық», - дейді Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымына қарасты Ырғыз ауданы білім қызметкерлері кəсіподағының жетекшілері.

Сонымен қатар, Ырғыз ауданындағы көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері мен бала күтімімен үйде отырған жас аналарға да қолдау көрсетіліп, оларға 10 мың теңгеден қаржылай демеу көрсетілді. Мамыр айы Бірлік, Ерлік, Жеңіс мерекелері тоғысқан мерекелі ай. Сонымен қатар, осындай игі бастамалардың басы қасында жүрген кəсіподақ мүшелері де марапатталды.