НОВОСТИ | ЖАҢАЛЫҚТАР

Ардагерлерге құрмет көрсету - бұл біздің борышымыз

вкл. .

Ақтөбе облысы Əйтеке би ауданының білім кəсіподағы тыл ардагерлерін үйлеріне барып,  құттықтады. Атап айтсақ, Мария Скоробогатько, Бағдагүл Мұратова, Любовь Брундукова,  Антонина Федороваларды Жеңіс күнімен құттықтап, Алғыс хат пен азық-түлік себеттерін тапсырды. Олар жастайынан үлкендермен бірге еңбекке ерте араласып, жеңісті жақындатуға ерекше үлес қосқан өңіғрге танымал ардагер ұстаздар. Мария Скоробогатько үшін бұл күн ерекше мейрам болды. Оның тылдағы өлшеусіз еңбегі еленіп, жуырда Ресей Федерациясы Президентінің "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл " мерейтойлық медалімен марапатталды.  Айтулы мереке қарсаңында кəсіподақ тарапынан қолдауға ие болу - қариялар үшін үлкен бір сый болды. Үнемі өнегелі істерімен жастарға үлгі болып, елдің бірлігі мен ынтымағын, берекесін насихаттап,  дұрыс жол сілтейтін ардагерлер өздері көрген бейнетті кейінгі буын көрмесін деп  тілектерін білдірді. Ақтөбе облысы аумағында бүгінде кəсіподақ ұйымдарының қолдауымен əр ардагерге жіті көңіл бөлінуде.