НОВОСТИ | ЖАҢАЛЫҚТАР

Кәсіподақтар көмегімен диқандардың жалақысы 14% өсті

вкл. .

Көктемде ырыздығын жерден терген диқандар бұл мезгілдің әр күнін тиімді пайдалануда.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының «Комсомол» серіктестігінің ұжымы  көктемгі науқандық жұмыстардың сапалы әрі уақтылы жүргізілуіне бар күш-жігерлерін жұмсап, егіс алқаптарында бидай егілуде. Тұқымнан бөлек,  техникалық жабдықтары да жаңартылып, жанар-жағар майды жеңілдетілген бағамен алуға қол жеткізіліп отыр.

 «Комсомол» серіктестігінің  директоры В.Волонец пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ә.Баймышев бірлесе жұмыс жасап, жұмысшалардың жалақысын 14% өсірді.

Қазіргі карантин кезінде бұл мекемеде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған. Жұмысшылар  қорғаныс құралдары мен  антисептиктермен  қамтылған. Техникаларға да дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бастысы - жұмысшылардың толыққанды жұмыс жасауларына бар жағдай жасалып жатыр.

 

 «Комсомол» серіктестігінің кәсіподақ ұйымы жұмысы бүгіне өзгелерге үлгі болып отыр.