НОВОСТИ | ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТ- АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

вкл. .

АҚТӨБЕДЕ КЕЛЕШЕК ЖАСТАРЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ  ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ӨЗ ЕРКІМЕН СҰРАНЫП АРНАЙЫ ЖИЫНДА ƏСКЕРИ МІНДЕТІН АТҚАРУДА.

Ақылбек Шынтас елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың əсери есептегі азаматтарды арнайы жиынға шақыру туралы Жарлығына сəйкес өз еркімен сұранып, індетпен қарсы күресте алдыңғы шепте жүр. Əскери шені офицер. Қазірде елді-мекендерге блокпост күзетінде тұру мен дезинфекция жұмыстарына белсенді ат салысып жүр. Сонымен қатар бүгінде тұрғындарға індеттің алдын алу жолдарын  түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

Кəсіподақ қайырымдылық шараларын жалғастыруда.

вкл. .

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Біз біргеміз"республикалық акциясы аясында Ақтөбе облысы кəсіподақтар орталығы да қайырымдылық шараларына өз үлестерін қосуда. Əлем жаһандық сынақтарға тап болған осы қиын-қыстау кезеңде кəсіподақтар да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруде. Карантин кезінде үйінен шыға алмай отырған егде жаста,ы адамдарға ,əсіресе ұзақ жылдар кəсіподақ саласында еңбек еткен ардагерлерге азық-түлік пакеттері берілді.Жуырда  солардың бірі, құрметті ардагер Галина Наталиноваға азық-түлік пакеті табыс етілді."'Біз кəсіподақ ардагерлеріне үнемі қолдау танытамыз.Əсіресе қазіргі қиын кезде олардың денсаулықтарына да көңіл бөлеміз.Талап өтініштерін ескереміз.Бұндай шаралар осы қасиетті рамазан айында да жалғасын табпды,-деді Ақтөбе облысы кəсіподақтар орталығының төрағасы А.Əмірғалиев.

Ақтөбеде кəсіподақ мүшелері 1300 терек егті

вкл. .

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж аумағы жасыл алаңға айналады ,- деді бастауыш кəсіподақ ұйым мүшелері. Білім алып жатқан 280 бала қашықтықтан оқытылуда. Төтенше жағдай кезінде ағаш егу жұмыстары барлық талаптарға сай отырылғызылды. Елдегі жағдайға байланысты көп адам жиналуға болмайтындықтан, күніне 2-3 қызметкер келіп, кезектесіп терек егу жұмыстарын жүргізді. 600 түп көшет өз қаражатымызға, 700 түп көшет демеушілер көмегімен Ақтөбе орман шаруашылығынан алынды.Біз бастауыш ұйым мүшелерінің қауіпсіздік шараларына және еңбек құқықтарының сақталуына көңіл бөлеміз.Ұжымдағы кəсіподақ мүшелері медициналық бетпердемен тегін қамтамасыз етілді. Карантин кезінде еккен теректеріміз күндер өте жайқалып өсіп, жас спортшыларымыз үшін үлкен саябақ болары сөзсіз.Біз оны балалар ойнайтын футбол алаң айналасына отырғыздық.Бұндай игі істер ұжымдағы кəсіподақ мүшелерінің ынтымағын арттыра түсуде.

АҚТӨБЕДЕ 160 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ 42500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ.

вкл. .

  Қазір мыңдаған тұрғындардың өтініші қаралып жатыр.Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған Ақтөбе облысының тұрғындары 42500 теңгеге өтініш беруде .Олардың арасында көп балалы аналар мен ақысыз демалысқа шыққандар да бар. Ойыл ауданының тұрғыны Гүлсім Елекбаева,  мемлекет тарапынан əлеуметтік қолдау ретінде ақшалай көмек көрсеткендері үшін Мемлекет басшысы мен Үкіметке ризашылығын білдірді. «Мен бірінші топ мүгедегімін.Үкіметтік бағдарламалардың көмегімен жеңілдетілген несие алып, жеке кəсіп аштым, іс тігемін.Қазір сақтық шаралары мейлінше күшейтілді.Ел барынша оқшауланып,үйлерінде отыр.Осы қиын кездері бізге қамқорлық жасап жатқаны үшін Мемлекет басшысы мен Үкіметке ризашылығымды білдіремін.»

Железнодорожники на борьбе с коронавирусом

вкл. .

Находящийся в Актюбинской области филиал по Западному региону отраслевого профсоюза работников железнодорожного, автомобильного, воздушного  и  водного транспорта принимает максимальные меры по защите от пандемии COVID-19 своих работников-членов первичных профсоюзных организаций, обеспечивая их не только средствами индивидуальной защиты, но и оказывая правовую и консультативную помощь, а также материальную и психологическую поддержку социально уязвимым слоям населения в целом.