«Үздік жас мұғалім - 2019»
2019 жылдың 23 қазан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің және Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облысымызда бірінші рет облыс көлемінде білім беру ұйымдарының арасында «Үздік жас мұғалім - 2019» атты байқауының қорытындысы анықталып, байқаудың жеңімпаздарын және қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.