«Бақытты отбасы – бақытты ел»
1981 жылдан бастау алған Халықаралық «Әйелдерге зорлық- зомбылыққа қарсы күрес!» күні аясында Ақтөбе облысы Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Р.Еркусимова «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты Г.Жасақбаева, аудандық білім бөлімінің бас маманы Қ. Бошанова және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.