Автобиография председателя Облсовпрофа

1967 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Көк үй ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1992 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «оқымысты агроном» мамандығы бойынша,  2000 жылы Алматы экономика және статистика институтын «бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

         Еңбек жолын 1992 жылы Исатай ауданының қаржы бөлімінде аға маман ретінде бастаған. 1993 – 1999 жылдары Исатай ауданының қаржы бөлімінің бас маманы, халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, 1999-2013 жылдары Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Мәртөк ауданының әкімі, көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Ойыл ауданының әкімі, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2016 жылдың 11 шілдесінен бастап Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы.

         Еңбек жолында «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталған.